Смарт Сарыарқа: қауіпсіз демалыс – әркімнің жауапкершілігі

Смарт Сарыарқа: қауіпсіз демалыс – әркімнің жауапкершілігі

Сарыарқа ауданының коммуналдық жағажайына күн сайын жүздеген тұрғын мен елорда қонақтары келеді. Демалыстың баршаға жайлы әрі қауіпсіз өтуі үшін полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тұрақты түрде қызмет атқарады.

Дегенмен, қауіпсіздік тек жауапты қызметтердің жұмысына ғана байланысты емес. Жағажайға келушілер белгіленген шектен асып жүзбеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға, алкогольдік ішімдік ішіп суға түспеуге және аумақтың тазалығын сақтауға міндетті. Осындай қарапайым ережелер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің негізін қалайды.

«Смарт Сарыарқа» жобасы басталғалы коммуналдық жағажай аумағында 498 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың басым бөлігі ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға, алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүруге, сондай-ақ ұсақ бұзақылық фактілеріне қатысты.

Қазіргі уақытта коммуналдық жағажайда аумақты абаттандыру және қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жалғасуда.