Жас таланттар көршілеріне арнап концерт ұйымдастырды

Жас таланттар көршілеріне арнап концерт ұйымдастырды

М. Әуезов көшесі, 16 мекенжайындағы аулада жас тұрғындардың бастамасымен Yourbeat концерті өтті. Отбасылық музыкалық топ пен олардың достары көршілер үшін шағын шығармашылық бағдарлама дайындап, түрлі музыкалық аспаптарда әсем әуендер орындады.

Осы кеште балалар алаңында ерекше атмосфера орнады. Аула тұрғындары жас өнерпаздардың өнерін тамашалауға жиналып, оларды шынайы қошеметпен қолдады.

Аула концерттері көпшіліктің балалық шағынан таныс қарапайым әрі ізгі дәстүрлерді еске салады. Бір кездері балалар әр аулада өз өнерлерін көрсетіп, көршілерді жинап, айналасына көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын. Осындай игі дәстүрдің бүгін де жалғасып келе жатқаны қуантады.