Бос аумақ заманауи қоғамдық кеңістікке айналды

Бос аумақ заманауи қоғамдық кеңістікке айналды

«Агрогородок» тұрғын алабында Рауан көшесі, 15 мекенжайы бойынша бұрын бос жатқан аумақтың орнында тұрғындардың демалысы мен спортпен айналысуына арналған заманауи қоғамдық кеңістік пайда болды.

Аумағы шамамен 10 000 м² болатын кеңістікте футбол алаңы, workout спорт алаңдары, түрлі жас санатындағы балаларға арналған қауіпсіз резеңке жабындысы бар ойын алаңдары, демалыс орындары жасақталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Жоба тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып жүзеге асырылды. Абаттандыру жұмыстарының барлық кезеңдері тұрғындармен бірлесіп пысықталды. Нәтижесінде тұрғындардың сұранысына сай, қолайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптасты.