5000 м2 бос жер тұрғындарға арналған демалыс орнына айналды

5000 м2 бос жер тұрғындарға арналған демалыс орнына айналды

Сарыарқа ауданында бос жатқан аумақтың орнына 5000 шаршы метрге жуық жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді.

Көктал тұрғын алабындағы Ақыт Үлімжіұлы көшесінде орналасқан нысанда балалар ойын алаңдары, спорт аймақтары, футбол алаңы және демалыс орындары жабдықталды. Сонымен қатар, тұрғындардың белсенді демалысы үшін ұзындығы 500 метрге жуық жүгіру жолағы салынды.

Жоба тұрғындардың ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып жүзеге асырылды. Қоғамдық кеңістікте әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спортпен шұғылдануға арналған аумақтар және жайлы демалыс аймақтары қарастырылған.

Күз мезгілінде аумақты көгалдандыру жұмыстары жалғасып, қосымша ағаштар мен жасыл желек отырғызылады.