Қала күніне орай Сарыарқа ауданы тұрғындары арасында волейболдан турнир өтті

Қала күніне орай Сарыарқа ауданы тұрғындары арасында волейболдан турнир өтті

Жарысқа 40-тан астам тұрғын қатысып, өзара тартысты додада бақ сынады. Турнир барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберлік пен командалық бірліктің үлгісін көрсетті.

Нәтижесінде І орынды «Көктің тарландары» командасы иеленді. «Оянған қазақтар» командасы күміс жүлдеге қол жеткізсе, ІІІ орын «Көктал-2» командасына бұйырды.