
Елорда күні қарсаңында «Коктал» саябағында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының үздік сарбаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жазғы маусымда ерекше белсенділік танытқан 20 жас қатысушы «Сарыарқа» ауданы әкімі Жанасыл Шаукентаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
«Жасыл ел» жасақтарының қатысушылары күн сайын елорданы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қатысып, жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға өз үлестерін қосып келеді.
«Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын 5 мыңнан астам жас астаналықты маусымдық жұмыспен қамтып, оларға алғашқы еңбек тәжірибесін алуға, жаңа дағдыларды дамытуға және бастамашылдық танытуға мүмкіндік береді.