Ауданның ірі абаттандыру жобаларының бірі – Кенесары көшесін қайта жаңғырту жұмыстары

Ауданның ірі абаттандыру жобаларының бірі – Кенесары көшесін қайта жаңғырту жұмыстары

Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі шамамен 20 мың шаршы метр аумақты қамтитын жоба аясында жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылып, кедергісіз орта қалыптастырылуда, заманауи жарықтандыру жүйелері, қалалық жиһаздармен жаңа демалыс орындары орнатылуда.

Жоба аясында «Шахматшылар» және «Футболшылар» скверлері жаңартылып, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңғырады. Ауданның маңызды көшелерінің бірінің тарихи келбетін сақтап қалуға
және көгалдандыруға ерекше мән берілуде.