
Кәсіби мереке аясында Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне аудан әкімі Жанасыл Шәукентаевтың атынан Алғыс хаттар табысталды.
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адал еңбекті талап ететін маңызды сала. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген бастамалар мен ауқымды жобалардың жүзеге асуында мемлекеттік қызметшілердің қажырлы еңбегі жатыр.