«Таза Қазақстан»: Елордада экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан»: Елордада экологиялық акция өтті

Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қарқынды жалғасуда. Жастарды игі бастама төңірегіне топтастырған кезекті экологиялық сағат барысында Г. Потанин көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылы аралығындағы аумақ күл-қоқыстан толықтай тазартылды.

«Қоршаған ортаға ұқыпты қарау – келешек ұрпақтың денсаулығы мен жарқын болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Қаламыздың тазалығы мен сәулетті келбеті – әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз бен қосқан үлесімізден басталады», — деді акцияны ұйымдастырушылар.