
Астанада есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған профилактикалық акция өтті. Есіл өзені бойымен Ұлттық ұлан оркестрінің сүйемелдеуімен бортында «Астана – есірткісіз қала!» және «Заң мен тәртіп» әлеуметтік баннерлері орналастырылған теплоход жүзіп өтті.
Теплоходтағы музыкалық бағдарлама жағалауда серуендеп жүрген тұрғындардың назарын аударып, маңызды әлеуметтік үндеуді заманауи әрі әсерлі форматта жеткізуге мүмкіндік берді.
Теплоходтың жүруінен кейін іс-шара жағалауда өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Сондай-ақ волонтерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткінің заңсыз айналымының салдары туралы ақпараттық материалдар таратты.