Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шеру өтті. Оған ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетілім оркестрі қатысты

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шеру өтті. Оған ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетілім оркестрі қатысты

Шеру Атырау көпірінен басталып, Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасты. Оркестр мүшелері патриоттық туындылармен қатар, танымал заманауи композицияларды орындады.

Сондай-ақ, мерекелік концертте Ұлттық ұланның өнерпаздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.