
Шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сахнаға шығып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көпшілікке ұсынды. Жас өнерпаздардың жарқын қойылымдары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кеш балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.