Балалардың қауіпсіздік әлеміне саяхаты!

Балалардың қауіпсіздік әлеміне саяхаты!

Балаларды қорғау күніне орай Сарыарқа ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бүлдіршіндерге ерекше мерекелік кездесу ұйымдастырды.

Балалар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техникаларды жақыннан көріп, олардың қалай жұмыс істейтінін тамашалады. Қызықты әрі танымдық шара бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қауіпсіздік мамандарының еңбегіне деген құрметті арттырды.