
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сарыарқа ауданының бүлдіршіндері Есіл өзені бойымен пароходта серуендеп, әсерлі экскурсияға қатысты.
Саяхат барысында балалар Астананың көрікті орындарын тамашалап, елорданы өзен үстінен мүлде жаңа қырынан көрді. Танымдық серуен бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаздың алғашқы күніндегі жарқын естелікке айналды.