
Қалада терек мамықтарының таралуын азайту мақсатында арнайы су бүрку жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарына ыңғайсыздық туғызбас үшін бұл шаралар негізінен түнгі ауысымда ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, терек – қала экологиясы үшін маңызды ағаш. Ол басқа ағаштармен салыстырғанда ауаны оттегімен әлдеқайда мол қамтамасыз етеді және қала ауасын зиянды заттардан тазартуда ерекше рөл атқарады.