№7 мектеп-гимназиясында «Жас прокурорлар» клубы ашылды

№7 мектеп-гимназиясында «Жас прокурорлар» клубы ашылды

20 мамыр күні Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Жас прокурорлар» клубының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

Клубтың ашылуы аясында оқушылар «Мектептегі буллинг: жауапкершілік пен заң» атты сот отырысын сахналады. Көрініс барысында балалар прокурор, судья, адвокат және куәгер рөлдерін шебер сомдап, буллинг пен әлімжеттіктің заң алдындағы ауыр салдары мен жауапкершілігін көрсетіп берді.