Сарыарқаның тарихи орталығын жаңғырту

Сарыарқаның тарихи орталығын жаңғырту

Қазір Кенесары көшесін (Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралық) заманауи кеңістікке айналдыру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Жоба аясында 20 мың шаршы метр аумақ абаттандырылады. «Шахматшылар» және «Футболшылар» скверлерін толықтай жаңартып, тұрғындарымыздың демалысына қолайлы жағдай жасаймыз. Жаяу жүргіншілер жолын кеңейтіп, заманауи орындықтар мен 40 көше және 30-дан астам саябақ шамдары орнатылды.

Ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін кедергісіз орта мен тактильді жолақтар қарастырылған.