
Сарыарқа ауданындағы жасөспірімдер арасында өткен «Жас құтқарушылар» слеті нағыз ерлік пен ептіліктің алаңына айналды. Мектеп оқушылары төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді пысықтап, жылдамдық пен ұйымшылдықтан жоғары деңгей көрсетті.
Тартысты сайыс барысында қатысушылар батылдық танытып, экстремалды жағдайларға дайын екендерін дәлелдеді. Нәтижесінде, №65 мектеп-лицейінің командасы үздік шығып, бас жүлдені иеленді.
Еске сала кетейік, жеңімпаздар Сарыарқаның намысын қалалық кезеңде қорғайтын болады.