Өрт қауіпсіздігі: Арнайы қызметтердің кедергісіз өтуі - ортақ парыз

Өрт қауіпсіздігі: Арнайы қызметтердің кедергісіз өтуі - ортақ парыз

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында «Сарыарқа» ауданында аулаішілік өткелдерге күнделікті профилактикалық тексеріс жүргізілуде. Жұмыстың басты бағыты, тұрғын үй кешендерінің аумағын бақылау және арнайы техниканың жүруіне кедергі келтіретін заңсыз кедергілерді жою.

 

Көпқабатты үйлердің маңындағы өткелдердің бос болуы төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметтерінің уақтылы жетуі үшін маңызды талап. Аулаларды жеке көліктермен толтырып, жолды тарылту адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.

 

Тұрғындар мен басқарушы компанияларды жол ережесі мен аула тәртібін қатаң сақтауға шақырамыз. Сіздің жауапкершілігіңіз, төтенше жағдай кезінде шұғыл көмектің кедергісіз жетуінің кепілі.