
«Сарыарқа» ауданында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою және еске алу өтті.
Ардагерлер ұйымының өкілдері, тыл еңбеккерлері және өз елінің өткен ерліктерін есте сақтауға ұмтылған жастар қатысты.
Гүл шоқтарын қою үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы салтанатты марштың үніне ұласып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдында салтанатты қадаммен өтті.