Әскери оркестр, әлемдік хиттер және патриоттық рух: елордада Ұлттық ұланның шоуы өтті

Әскери оркестр, әлемдік хиттер және патриоттық рух: елордада Ұлттық ұланның шоуы өтті

Есіл өзенінің жағалауында ҚР Ұлттық ұланының мәдени-патриоттық іс-шарасы өтті.

Үлгілі-көрсетілімдік үрмелі аспаптар оркестрі әскери музыканың дәстүрін заманауи форматпен ұштастырып, әлемдік хиттерді, BAYANSULU әндерін және ретро композицияларды орындады.

Бұл кеш әскер мен қоғамның бір тілде сөйлейтінін көрсетті. Ал мәдениет буындар арасын жалғайтын алтын көпірге айналды.