Күш, батылдық, патриотизм: Аудан студенттері арасында әскери-патриоттық турнир өтті

Күш, батылдық, патриотизм: Аудан студенттері арасында әскери-патриоттық турнир өтті

Отан қорғаушы күні аясында «Сарыарқа» ауданының студенттері арасында әскери-патриоттық турнир өтті. Әр құрамада 10 адамнан тұратын он топ әр түрлі бағыттар бойынша аудан әкімінің кубогы үшін бақ сынасты. Оның ішінде түрлі қашықтыққа жүгіру, тартылу, сондай-ақ автоматты құрастыру және бөлшектеу дағдылары болды.

 

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттері жеңіске жетсе, Менеджмент, бизнес және білім колледжі 2-орын, ал Медициналық-техникалық колледжінің студенттері қола жүлдеге ие болды.

 

Турнир ҚР Ұлттық ұланының, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының және аудандық аппараттың қолдауымен ұйымдастырылды. Әскери қызметкерлер өздерінің кәсіби машықтары мен техникасын көрсете отырып, қоян-қолтық ұрыс бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

 

Үздік командалар әскери-патриоттық спорт саласындағы жетістіктері және жастар арасындағы патриоттық рухты қолдағаны үшін медальдар мен дипломдармен марапатталады.