
Сарыарқа ауданында маусымдық көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Ағымдағы жылдың көктем мен жаз айларында аумақтың сәнін келтіретін 25 мыңнан астам жасыл желек отырғызылады.
Көшелер мен саябақтарды абаттандыру үшін 2 121 дана көпжылдық гүлдер гүлзарларға 23 мың түп біржылдық гүлдер таңдап алынды. Олардың қатарында ауа райына төзімді ырғай, пузыреплодник, арша, тобылғы, акация сияқты түрлер бар.
Жасыл желектерді күтіп-баптау және суару жұмыстары жауапты мердігерлердің қатаң бақылауында.