Бірлік мерекесі: «Сарыарқа» ауданында 1 мамыр қалай аталып өтті

Бірлік мерекесі: «Сарыарқа» ауданында 1 мамыр қалай аталып өтті

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында елордалық Арбатта ерекше мерекелік концерт өтті. «Сарыарқа» ауданы әкімдігі мен Ардагерлер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылған «Қазақстан – бірлік пен татулық мекені» атты шарада аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қатысушылары өнер көрсетті . Концерт еліміздегі ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің символына айналған нағыз мәдени мерекеге ұласты.

Сахна төрінде өнер көрсеткен ұжымдар көпұлтты Қазақстанның бай мәдениетін паш етті. «Сарыарқа» би тобы, «Замандастар» вокалды тобы, «Әдемі дәуір», «Гаухартас» және «Шұғыла» би ұжымдары әр ұлттың өнерін шебер жеткізсе, ақын-композитор Нұрболат Бекетаев, халық әртісі Рауза Набиуллина мен Чо Ирина Сергеевна сахнаға ерекше нұр сыйлады.

Кештің ең жарқын сәті – «Кербез models» ересек модельдер тобының сән көрсетілімі болды. Париж, Дубай және Мәскеу төрінде қазақтың ұлттық киімдерін әлемге танытып жүрген 60 жастан асқан әжелеріміздің өнері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.