«Сарыарқа» ауданында конституциядағы негізгі өзгерістер түсіндірілді

«Сарыарқа» ауданында конституциядағы негізгі өзгерістер түсіндірілді

«Сарыарқа» ауданы Ардагерлер кеңесінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР жаңа Конституциясын талқылауға арналған кездесу өтті.

Іс-шараға аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Уляш Құсайынова, философия ғылымдарының кандидаты Күлзира Искакова, сондай-ақ заң ғылымдарының докторы Жамалиден Ибрагимов қатысты.

Кездесуге ауданның ардагерлер қауымдастығының өкілдері, белсенді тұрғындар мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиын барысында қатысушыларға Қазақстанның жаңа Конституциясындағы негізгі ережелер жан-жақты түсіндірілді. Азаматтардың құқықтарын қорғау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын дамыту, басқару жүйесін жетілдіру және адамды мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.