
«Сарыарқа» ауданында ауқымды экологиялық жұмыстар жалғасуда. Республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында К. Күмісбеков көшесінде 350-ден астам ағаш және 1000-нан аса бұта отырғызылды. Аудан аумағы жаңа жасыл желекпен толықты.
Экологиялық акцияға ауданның белсендітұрғындары, еріктілер, Ардагерлер кеңесі, елорданыңкүміс еріктілері, ірі сауда орталықтарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер, Кәсіпкерлік басқармасы, сондай-ақ «Сарыарқа» ауданы әкімдігі аппаратының қызметкерлері қатысты.
«Бүгінгі сенбілік аудан тұрғындардың қаламызға деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің көрінісі. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында еңгейгенқариядан еңбетеген балаға дейін қатысып, бірмақсатқа жұмылып, ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Сарыарқа» ауданында абаттандыру, көгалдандыружәне санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жалғасады. Бүгін 350 ағаш отырғышдық, бұл көшеде тағы 300 ағаш отырғызу жоспарланған», - деп атап өтті, Ержан Жұмағұлов, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары.