
«Сарыарқа» ауданында құрылыс алаңдарынан жолға лас топырақ шығару фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Сонымен қатар мердігер ұйымдармен абаттандыру талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай құқық бұзушылықтар қаланың санитарлық жағдайына кері әсерін тигізіп, тұрғындарға қолайсыздық туғызады.
Еске саламыз, абаттандыру қағидаларына сәйкес, құрылыс ұйымдары жолға кір мен топырақтың шығуына жол бермеуі тиіс. Ол үшін құрылыс алаңынан шығатын жерде қатты жабындысы бар жолдар және дөңгелек жуу құрылғылары болуы қажет. Сонымен қатар, құрылыс маңындағы аумақ әрдайым таза ұсталуы міндетті
Жол жамылғысын ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 630-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері жүргізушілер мен құрылыс ұйымдары үшін 10-нан 30 АЕК дейін белгіленген.