
«Сарыарқа» ауданында 6 сәуірде «Халық қатысатын бюджет-2026» бағдарламасы бойынша ауданды абаттандыру үшін үздік жобаларға дауыс беру кезеңі басталады. Ең көп дауыс жинаған жобалар 2027 жылдың құрылыс маусымында іске асырылады.
2026 жылдың 20 қаңтарынан 1 наурызына дейін аудан тұрғындары 78 жобалық ұсыныс берді. Сараптамалық кеңес 73 жобаны дауыс беруге жіберді. Оның 5-і жоба туралы ереже мен критерийлеріне сәйкес келмеді. Келесі кезеңге өтпеу себебі - соңғы 5 жылда белгіленген аумақтың абаттандырылуы және барлық астаналықтар үшін аумақтың қолжетімсіздігі.
Бұдан басқа, урбанистер, өткен жылдардың жеңімпаздары және тұрғындар кіретін сарапшылар кеңесінің шешімімен дауыс беруге арналған жобалар 3 санатқа бөлінген: 40 пәтерге дейін, 100 пәтерге дейін және 100-ден жоғары пәтер.
Дауыс беру 6 сәуір мен 24 сәуір аралығында «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының сайтында өтеді. Тұрғындар ресми сайтта ЭЦҚ арқылы немесе Egov Mobile қосымшасы арқылы өз дауыстарын бере алады.