
Елордалық «Шахматшылар» саябағында «Құстар – біздің досымыз» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Саябақтағы ағаштарға 100-ге жуық жаңа ұялар орнатылып, ағаш жапырақтарын тазалау жүргізілді.
№5 «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндері әкелерімен бірге ұяларды іліп, табиғатқа өз үлестерін қосты.
«Ұя жасау – баланың табиғатпен тілдесу жолы. Әке мен баланың бірге атқарған әрбір ісі – жауапкершілік пен қамқорлыққа алғашқы қадам»,- деп әдіскер Альфия Қайратқызы атап өтті.