Жер сағаты: «Сарыарқа» ауданында бірқатар ғимараттардың жарықтандыруы өшірілді

Жер сағаты: «Сарыарқа» ауданында бірқатар ғимараттардың жарықтандыруы өшірілді

28 наурызда дүниежүзілік «Жер сағаты» акциясы аясында Сарыарқа ауданындағы 74 ғимараттардың сыртқы декоративті жарығы уақытша сөндірілді.

 

«Жер сағатын» жыл сайын Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастырады. Оның басты мақсаты – ғаламшарымыздың табиғи ресурстарының шектеулі екенін еске салып, экология мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

 

Сарыарқа ауданы да осы маңызды акцияға қолдау білдіріп, 20:30-дан 21:30-ға дейін 74 ғимараттың қасбеттеріндегі жарықтандыруды сөндірді.

 

Айта кетейік, шара барысында көше жарықтары мен қауіпсіздікке жауап беретін шамдардың жұмысына өзгеріс енгізілген жоқ.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)