
Сарыарқа ауданында көктемгі кезеңде қылқанжапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған кешенді іс-шаралар басталды. Күннің белсенді сәулелері кезінде ағаштардың күн күйігінен зардап шекпеуі ерекше назарда.
Осы мақсатта «Пуршат» арнайы препараты қолданылады. Өңдеу жұмыстары бүрку әдісімен жүзеге асырылып, ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерін азайтуға және жасыл желектердің саулығын сақтауға мүмкіндік береді.