Сарыарқа ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға тұсаукесер рәсімі өтті

Сарыарқа ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға тұсаукесер рәсімі өтті

17 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясындағы Шаңырақ күніне орай Сарыарқа ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара аясында 4 ерекше баланың тұсауын Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхаммед Құлдашов кесіп, сәттілік тіледі.

 

Тағылымы мол бұл шара отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық дәстүрдің терең мәнін ұғындырумен қатар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсетуге арналды.

 

Қазақ халқы үшін шаңырақ – берекенің, бірліктің, ұрпақ сабақтастығының қасиетті белгісі. Ал тұсаукесер – сол шаңырақтағы сәби өміріне ақ жол тілейтін, баланың болашағына ізгі ниет білдіретін мәні зор ғұрып. Сондықтан Шаңырақ күні аясында ұйымдастырылған бұл рәсімнің мазмұны да, мағынасы да айрықша болды.

 

Шара барысында ұлттық құндылықтар дәріптеліп қана қоймай, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.