
Елордалық №379 дауыс беру учаскесіне Тазша Бала мен Алдар көсе образындағы қатысушы өз таңдауларын жасауға келіп, референдумға қатысты. Бұл көрініс Наурыз мейрамының жақындағанын және Наурызнама онкүндігінің рухын айқын аңғартты.
Ұлттық образ учаскедегі атмосфераға ерекше реңк беріп, дәстүр мен қоғамдық мәдениеттің сабақтастығын көрсетті.
«Наурыз — жаңару мен татулықтың мерекесі. Ал Көрісу — амандық пен сыйластықтың белгісі. Бүгін осы құндылықтарды тағы бір рет сезіндік. Еліміздің салт-дәстүрін дәріптеп, оған қоса ел тағдырының шешілуіне үлес қосу мақсатында достарымызбен дауыс беруге келдік, — деді Тазша Бала.