Бір отбасы-үш ұрпақ референдумға бірге келді

Бір отбасы-үш ұрпақ референдумға бірге келді

Жалпыұлттық референдум күні 373 учаскесіне Ахметовтар отбасының үш буыны — ата, әке және немере бірге келді. Бұл көрініс ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық бірлікті және ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды айқын көрсетті.

 

Отбасы мүшелерінің айтуынша, маңызды қоғамдық-саяси науқандар кезінде учаскеге бірге келу — олардың қалыптасқан дәстүрі. Әсіресе бұл күн немере үшін есте қаларлық сәтке айналды, өйткені ол алғаш рет осындай маңызды үдеріске қатысып отыр.

 

“Бүгін біз үшін маңызды күн. Еліміздің болашағына әсер ететін мәселелер қаралып жатыр. Сондықтан учаскеге отбасымызбен бірге келдік. Немерем үшін бұл — алғашқы таңдау, алғашқы үлкен қадам, — деді ақсақал Ахметов Амангелді.