Бірлік пен ізгілік мерекесі: Көктал тұрғындары көрісу күнін атап өтті

Бірлік пен ізгілік мерекесі: Көктал тұрғындары көрісу күнін атап өтті

«Көктал» тұрғын алабында Көрісу күні аталып өтті.

 

Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл дәстүрі адамдарды жақындастырып, үлкенге құрмет пен кішіге ізетті дәріптейтін ерекше күн болып саналады.

 

Мерекеде ақ жаулықты аналар ұлттық тағамдар әзірлеп, тұрғындарға бауырсақ пен дәстүрлі дәмдер ұсынды. Сахнада халық әндері шырқалып, қазақтың ұлттық билері орындалып,«Koktal Junior Hall» жас өнерпаздары ән айтып, би билеп, көрермендердің ыстықықыласына бөленді.

 

«Көрісу күні – халқымыздың ежелден келе жатқан, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен ізгілігінкөрсететін маңызды дәстүр. Осындай мерекелер ұрпақтар сабақтастығын нығайтады», – деп атап өтті шараға қатысқан қариялардың бірі.

 

Еске сала кетейік, Наурыз мейрамы Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 14 наурыздан басталып, 10 күн бойы атап өтіледі. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған.