Елордалық кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңызы еске салынды

Елордалық кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтаудың маңызы еске салынды

«Сарыарқа» ауданында ТЖ басқармасы мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Аралау барысында кәсіпкерлерге өрт кезінде ең жиі қауіп төндіретін мәселелерге, өрт сөндіргіштердің жарамдылығы, электр сымдарының жағдайы және эвакуациялық шығу жолдарының ашық болуына ерекше назар аудару қажеттігі түсіндірілді.

 

Сондай-ақ нысан иелері мен жалға алушыларға қысқаша нұсқамалар таратылды. Өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі көрсетілген жадынамалар берілді.