«Астана – есірткісіз қала»: Оқушылар арасында шахмат турнирі өтті

«Астана – есірткісіз қала»: Оқушылар арасында шахмат турнирі өтті

«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында мектеп оқушылары арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа 5–8 сынып оқушылары қатысып, барлығы 23 оқушы бақ сынады.

 

Турнир «Жақсылыш арифметикасы» орталығының алаңында өтті. Қатысушылар өзара шеберлік байқасып, логикалық ойлау мен стратегиялық қабілеттерін көрсетті.

 

Жарыс қорытындысы бойынша:

 

1 орын – Әмреқұл Алинұр / Полат Алихан

2 орын – Асланбекұлы Аслан / Әбдіқадыр Ерболат

3 орын – Тұрсынбай Дінмұхамед / Хамит Айтөре

 

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пайдалы бос уақыт мәдениетін қалыптастыру.