Сарыарқа ауданында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығуға өрт сөндіру бөлімшелері, әскери құрылымдар және коммуналдық қызметтер қатысты. Су басу жағдайындағы іс-қимылдар пысықталып, қорғаныс бөгеттері орнатылды, арнайы техника мен инженерлік ресурстардың дайындығы тексерілді.
Ауданда дайындық жұмыстары қаңтар айынан жүргізілуде. Арықтар, дренаж жүйелері мен жаңбыр суы құдықтары тазартылып, жеке сектордан қар шығару ұйымдастырылған.
Жұмыс күшейтілген режимде жалғасуда. Негізгі міндет тұрғындардың қауіпсіздігі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram