
«Заң мен Тәртіп» қағидасы және «Астана – есірткісіз қала» іс-шаралар жоспары аясында Сарыарқа ауданында прокуратурамен бірлескен кездесу өтті. Қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдерімен есірткі заттарының таралу тәсілдері, оның қазіргі әдістері және оған қарсы нақты іс-қимылдар талқыланды.
Көпқабатты тұрғын үйлердегі алдын алу шараларына басымдық берілді. ПИК/МИБ басшыларына подъезддер мен лифтілерде орналастыру үшін ақпараттық материалдар табысталды. Басты мақсат тұрғындардың сақтығын арттыру және күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтау.
Есірткіге қарсы жұмыс құқық қорғау және қадағалау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы жалғасады.