
«Сарыарқа» ауданында «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында және жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
Іс-шаралар аясында базарлар, сауда нысандары, құрылыс алаңдары (оның ішінде қараусыз қалған нысандар), металл қабылдау пункттері, СТО және автожууорындары тексерілді. ҚР аумағында заңсыз жүрген, сондай-ақ, құжатсыз және тіркеусіз жүрген азаматтар анықталды.
Қорытындысы бойынша 100-ден астам шетел азаматықұқықтық мәртебесін анықтау үшін көші-қон қызметінежеткізілді.
«Сарыарқа» ауданы ПБ ОКП қызметкерлері 4 қылмысты: ұрлық, алаяқтық және 2 есірткі қылмысын ашты. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 2 адам ұсталды.
Ауданда құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жалғасатын болады.