Заң мен тәртіп әр адамның өзінен басталады

Заң мен тәртіп әр адамның өзінен басталады

Сарыарқа ауданында Есіл өзені жағалауында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен елордалық тұрғындармен блиц-сауалнама ұйымдастырылды.

Сауалнама барысында тұрғындарға күнделікті өмірдегі тәртіп, қоғамдық мәдениет және заңға бағыну туралы қысқа сұрақтар қойылды.

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы тәртіп әр адамның жеке әрекетінен басталатынын атап өтті. Белсенді қатысқан тұрғындарға шағын тәттілер табысталды.

Заң мен тәртіп талап немесе міндет емес, өзімізге, айналамыздағы адамдарға және қаламызға деген құрметтің белгісі. Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әрқайсымыздың күнделікті іс-әрекетімізден басталады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)