Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Zero West» ЖШС тиесілі қоқыс контейнерлерін қасақана өртеуге қатысы бар тұлғаны анықтады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқықбұзушылықтың қайталама сипатта болғаны белгілі болды. Құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері Сарыарқа ауданы аумағында вандализмнің 3 фактісі тіркелді. Әрбір вандализм әрекеті бұл тек мүлікке келтірілген залал ғана емес, сонымен қатар қалалық ортаға, тұрғындардың қауіпсіздігіне және елорданың келбетіне тікелей нұқсан келтіру.
Егер сіз вандализм әрекеттерінің немесе өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттердің куәсі болсаңыз, бұл туралы дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram