Көктемгі су көтерілуі: «Сарыарқа» ауданында су деңгейі көтерілуінің алдын алу жұмыстары жалғасуда

Көктемгі су көтерілуі: «Сарыарқа» ауданында су деңгейі көтерілуінің алдын алу жұмыстары жалғасуда

«Сарыарқа» ауданында тұрғын үй алаптарындағы арық-науа жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасуда. Жүйе бойынша қар, мұз және тұрмыстық қалдықтарды тазарту жүргізілуде.

 

Су тасқынының алдын алу шаралары аясында жеке сектордан қар шығару бекітілген кестеге сәйкес басталады. Бұл жұмыстарға 170-дан астам арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, еріген, жер асты және жаңбыр суларын сору үшін ассенизациялық машиналар, МТЗ сорғылары және мотопомпалар қолданылады.

 

Еске саламыз, механикаландырылған қар тазалау жұмыстары ашық аумақтарда, көшелер бойында жүргізіледі. Осыған байланысты жеке сектор тұрғындарын үйлерінің шатырлары мен ауласын, жүретін жолға дейінгі аумақтарды уақытылы тазартуға шақырамыз, бұл арнайы техниканың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)