
15 қаңтардан бастап «Сарыарқа» ауданында су тасқынының алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Іс-шаралар аясында коллекторларды жуу, арықтар мен нөсерлік су ағызу жүйелерін мұздан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ тұрғын үй массивтері мен жеке секторлардан қарды шығару жұмыстары жүзеге асырылады. Барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.
Дайындық аясында алдын алу шаралары бойынша жұмыс кеңесі өткізіліп, кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Кеңес «Сарыарқа» ауданы әкімінің төрағалығымен өтті. Оған қалалық басқармалар, коммуналдық қызметтер, мердігер ұйымдар және аудандық ТЖБ басшылары қатысты.
Айта кету керек, су басуды болдырмау үшін тұрғындар өз аумақтарындағы қарды жинап, оны коммуналдық қызметтер шығара алуы үшін жол жиегіне орналастыруы қажет.