Сарыарқа ауданында кешкі уақытта кәмелетке толмағандарды қорғау жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданында кешкі уақытта кәмелетке толмағандарды қорғау жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі уақытта «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Рейдтер барысында Полиция басқармасының және аудан аппаратының өкілдері жастар жиі жиналатын орындарды, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерін тексеруде.

 

Іс-шаралар аясында ересектердің қарауынсыз сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген жасөспірімдерге, сондай-ақ олардың сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болу фактілеріне ерекше назар аударылады. Басты мақсат тексеріс жүргізу қана емес, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу.

 

Жыл басынан бері түнгі уақытта балаларын бақылаусыз қалдырғаны үшін 130-дан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алғаш рет құқық бұзушылық анықталған жағдайда ата-аналарға ескерту беріледі.