
Сарыарқа ауданында кәсіпкерлердің, аудан аумағындағы 7 базар мен 20-дан астам сауда, ойын-сауық орталық өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ауданның ТЖ басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту және ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы, сондай-ақ БЖЗҚ мен МӘМС жүйесінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында бизнес қызметіне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, ҚР жаңа Салықкодексіндегі өзгерістер, өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінеқатысу тәртібі кеңінен түсіндірілді.
«Біз үшін кәсіпкерлік қоғамдастықпен ашық әрі түсінікті диалог орнату маңызды. Мұндай кездесулер туындайтын сұрақтарды алдын ала шешуге, құқықбұзушылықтардыңалдын алуға және кәсіпкерлердің тұрақты әрі ашық жұмыс істеуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деп Адиль Жанкин атап өтті, «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.