
Ауданның тұрғын алаптарында Қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бірлесуімен шағын және орта бизнес нысандарының 40-тан астам өкіліне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлерге дезинфекция, дезинсекция және дератизация шараларын тұрақты түрде жүргізудің маңыздылығы ескертілді.
Аталған шаралар санитарлық қауіпсіздікті сақтау, зиянкестердің таралуының алдын алу және тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында міндетті түрде жүзеге асырылады. Өңдеу жұмыстарының жиілігі нысанның түріне байланысты: қоғамдық тамақтану және сауда орындарында — ай сайын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарда — кемінде үш айда бір рет жүргізілуі тиіс.
Санитарлық талаптарды сақтамау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.