
Сарыарқа ауданында тұрғындарға арналған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша кезекті тегін кездесу өтті. Кездесу барысында астаналықтарға жобаны дұрыс әзірлеу жолдары, оны қабылдату және дауыс беруге жіберу талаптары қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірілді.
Қатысушыларға бағдарлама аясында ұсынылуы мүмкін бастамалар, іріктеу кезінде ескерілетін негізгі критерийлер, сондай-ақ өтінім беру барысында жиі кездесетін қателіктер туралы кеңінен айтылды.
Жобалық ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтарда басталып, 1 наурызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қатысушылар абаттандыруға қатысты нақты өзгерістерді қамтитын жоба дайындап, қажетті қаржыландыру көлемін көрсетуі тиіс. Өтінімдер аудан әкімдігінің ресми сайты www.saryarka.astana.kz. арқылы қабылданады
Сондай-ақ, Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайы бойынша аудан тұрғындары жұмыс күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін тегін кеңес ала алады.