
2026 жылдың 20 қаңтарда «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалалық ортаны дамыту бойынша өтінімдер қабылдау басталады.
1 наурызға дейін қала тұрғындары аудан әкімдігінің ресми сайты saryarqa.astana.kz арқылы өз аулаларын абаттандыру бойынша жобалық ұсыныстар бере алады. Жобаның өлшемдері мен талаптарына сәйкес келетін, сондай-ақ дауыс беру кезеңінде Сарыарқа ауданы тұрғындарының ең көп дауысын алған идеялар мен бастамаларды әкімдік іске асырады.
Ол үшін өтінімді (жобалық ұсыныстың атауы, оның сипаттамасы, мекенжайы/орналасуы), жобалық ұсыныстың болжамды фотосуретін/ схемасын және сметасын (интернеттен немесе кез келген басқа ашық көздерден болжамды есептеулерге жол беріледі) қосу қажет.
«Халық қатысатын бюджет» бойынша сұрақтарыңыз болса, «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратынан алуға болады, сондай-ақ 8 707 787 3677 нөміріне хабарласа аласыздар, абаттандыру бөлімінің бас маманы Нариман Ахметов.