Стоп, вандал!: Бұзақыларға 1,6 млн аса айыппұл салынды

Стоп, вандал!: Бұзақыларға 1,6 млн аса айыппұл салынды

«Сарыарқа» ауданында қоғамдық тәртіп бұзушылықтар мен вандализм әрекеттерінің алдын алу бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. 2025 жылда ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы бойынша 36 құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, 1,6 млн тенгеден астам айыпұл салынды.

 

Естеріңізге саламыз, ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бөтен мүлікті әдейі жою немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейді.

 

Әрбір вандализм әрекеті тек мүлікке қарсы қылмыс емес, сонымен қатар елорда тұрғындарының қалада жайлы орта құруға деген ұмтылысына жасалған қастандық.

 

Егер сіз вандализм актісінің куәгері болсаңыз, дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлауыңызды сұраймыз!

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)